«Министр мырза, окоптан шығып, ауруханаларды аралаңыз!»
3 августа 2021
«Окоптан шығып, елдегі ауруханаларды аралаңыз» деп Денсаулық сақтау министріне өтініш айтқан депутаттардың сөзі тағы жерде қалған сыңайлы. Бүгінгі Үкімет отырысында Алексей Цой әдеттен озбай, коронавирусқа қатысты кезекті болжамын жасады. Бірақ, әдеттегідей өзінің кабинетінен сөйледі. Стационарларды аралауға шықпаған бас дәрігер ауру өршіп тұрса да, жақсы нәтиже күтетінін жеткізді. Оның бірден бір себебі, алдағы уақытта елімізге коронавирусқа қарсы екпенің тағы 8 млн дозасы әкелінеді екен. Нақты қандай препарат сатып алынатыны әзірге жұмбақ болып тұр. Бүгінгі өткен Үкімет отырысында ковидтің алдын-алу үшін тағы қандай мәселелер сөз болды. Толығырақ Қайыркен Отыншы айтып береді.