6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Апатты мектепке балаларымызды жібермейміз

Батыс Қазақстандағы Атамекен ауылының тұрғындары бірінші қыркүйекте балаларымызды оқытпаймыз деп отыр. Өйткені Ақжайық ауданына қарасты елді мекендегі орта мектеп ғимараты құлағалы тұр. Апатты деп танылғанына 4 жылға жуықтаған білім ордасы жуырда мүлде жабылыпты. Ал жаңа мектеп саламыз деген шенеуніктердің уәдесі сөз күйінде қалған. Аймақтағы тілшіміз Ерденбек Жылқайдарұлы мәселенің мән-жайын анықтап келген еді.

X