Құрылысына 5 миллиард теңге жұмсалған үй бос тұр
6 августа 2021
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 5 млрд теңгеге соғылған 13 көпқабатты үй қаңырап бос тұр. Баспаналардың құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 2017 жылы басталған. Алайда, қазір салынып біткенімен кәріз жүйесі жүргізілмепті. Сондықтан осы баспанаға кезекте тұрғандар әлі күнге дейін пәтер жалдап, үмітпен өмір сүріп келеді. Ал жыр болған үйлердің қашан үлестірілетінін арна тілшісі біліп қайтқан болатын.