Ақтөбеде егістік өртенді
9 августа 2021
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында дала өрті өршіп тұр. Шаруалар тілсіз жаумен өздерінше күресіп әлек. Айтуларынша, бүгінде жайылымның жартысы жанып кеткен, мал шығыны да бар. Тұрғындар облыс билігінен қарымды көмек болмаса 4 жыл бұрынғы оқиға қайталануы мүмкін деп қауіптенеді. Еске сала кетсем, 2017 жылы дәл осы ауданда ауыл әкімі мен мұғалімі даладағы өртті сөндірем деп жүріп опат болған еді. Әйтекеліктер «аймақ басшылығы тезірек қарекет қылмаса жерімізден айырыламыз» деп дабыл қағуда. Ауыл шаруаларының өтінішін ел билігінің құлағына алтын сырға дей отырып, кезекті Ақбаян Сұлтанмұратоваға берсем.