6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Жамбылда баланы пойыз басып кетті

Жамбыл облысында 3 жасар қыз пойыз астына түсіп, мерт болды. Қайғылы оқиға Тараз маңындағы Құмшағал стансасында орны алған. Таңертеңмен теміржолдың арғы бетінде тұратын туыстарына асыққан анасы мен қызы стансада тұрған жүк пойызы астынан өтпекші болыпты. Сол сәтте отарба қозғалып, бүлдіршінді басып кеткен. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Станса маңын мекендейтін тұрғындар қауіпті аймақты қоршап, темір жол үстінен аспалы көпір салып беруді талап етіп отыр.

X