Жалған вакцина құжатын жасатқандар енді екпені ақылы түрде алсын!
17 августа 2021
Жалған вакцина құжатын жасатқандар екпені өз қаржыларына алуы керек! Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар шектеу шараларының 1 қыркүйекке дейін жалғасатындығын жеткізді. Бұдан бөлек білім ордаларының да жабылуы мүмкін екендігін алға тартты. Жаңа қаулы бойынша қандай өзгерістер бар екенін тілшіміз біліп келді.