3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Түркістан облысында инфекциялық аурухана қаңырап тұр

Түркістан қаласындағы модульді инфекциялық аурухананың құрылыс жұмыстары біткенімен, бірақ әлі күнге дейін қолданысқа берілмей қаңырап тұр. Емдеу мекемесі бас-аяғы 7 айда салынған болатын. Алайда содан бері жарты жылға жуық уақыт өтсе де, аурухананың есігі жабық тұр. Ал 200 мыңға жуық халқы бар Түркістан шаһарында науқастар саны күрт көбейген соң, жауаптылар орталық ауруханадағы өзге бөлімдерді жауып, тіпті жеке меншік клиниканың ғимаратын жалға алып инфекциялық орталық істеуге мәжбүр болыпты. Нысанның құрылысы аяқталса да неге пайдалануға берілмей тұрғанын тілшіміз Ғалымжан Кенжебек біліп келген еді.

X