Әлем елдері ауғанстандағы жаңа билікті мойындауға дайын
19 августа 2021
Ал Ауғанстанда жағдай күн санап ушығып барады. Содырларды қойып, қазір бұрынғы биліктің құрамында болған шенеуніктер бір-бірін кінәлауға көшті. Мәселен, бас сауғалап қашып кеткен экс-президент Ашраф Ғаниді елшілер 169 млн доллар қазына қаржысын ұрлап кетті деп айыптады. Бірақ, ел президенті бұл пікірмен келіскен жоқ. Ол қазір отбасымен Біріккен Араб Әмірлігінен уақытша пана тапқаны белгілі болды. Ал халықаралық қауымдастық қандай жағдайда «Талибан» қозғалысын мойындайтынын мәлімдеді. Толығырақ Қайыркен Отыншы тарқатады.