Ақтөбеде сабақ басталарда мектепте жөндеу жұмыстары басталды

Сабақ басталуына бір апта қалды, ал мектеп әлі дайын емес! Ақтөбеде Сарыжар ауылының тұрғындары жаңа оқу жылы жақындаған сайын абыржып жатыр. Бірінші қыркүйекке бір ай қалғанда ауылдағы мектепте күрделі жөндеу басталған. Ауылдықтар мұны түсінбей дал. Онсыз да ауру өршіп тұрғанда білім басшыларының балалардың басын қатерге тіккені қай сасқаны деп отыр? Бұған шенділер не дейді? Ақбаян Сұлтанмұратова айтсын.

X