10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Ауғаннан келгендердің тест нәтижесі қандай?

Ауғанстаннан жеткізілген Қазақстан азаматары мен Біріккен ұлттар ұйымының қызметкерлері карантинде. Келген бетте барлығынан ПТР-тест алынып, ешқайсынан қауіпті індет анықталмаған. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, Кабулдан Алматыға екі рейс келген болатын. Бірінші ұшақта 42 адам болған. Оның 25-і Қазақстан азаматы, 15 ересек адам болса, 10-ы бала. Сонымен қатар 15 Қырғыз азаматы болған. Екінші рейспен Біріккен Ұлттан ұйымының 141 қызметкерлері жеткізілді. Барлығы қаладағы қонақ үйлерге орналастырылып, 14 күнге оқш ауланған.

X