Әкімге сенбейтін тұрғындар жолды жапты
31 августа 2021
Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтеновке сенуден қалдық деген тұрғындар жолды жапты. Дәл осындай әрекетке баруларына тұрып жатқан баспаналарында көгілдір отынның жоқтығы және сапасыз құрылысы себеп болыпты. Жағдайларын айтып жауаптылардың есігін қанша қаққанымен, мәселелінің шешілмей келе жатқанынана жарты жылға жуық уақыт болған. Ал шаһар басшысы ағымдағы жылдың 30-шы шілдесінде газ беріледі деп тұрғындарға жазбаша жауап қайтарған. Бірақ әлі күнге дейін көгілдір отын қосылмапты. Жолды жауып мәселесін төтесінен қойған тұрғындармен Ғалымжан Кенжебек тілдесіп қайтты.