Кәсіпкер мектеп салуда
7 сентября 2021
Білім алу үшін өзге ауылға сабылған балалар енді өз мектебінде оқиды. Арыс қаласының іргесіндегі Онтам елді мекенінде 150 орындық мектеп салынып жатыр. Бұл үнемі естіп жүрген жаңалық дерсіз?! Бірақ білім ордасы мемлекет есебінен емес, жеке кәсіпкердің қаражатымен тұрғызылуда. Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. Инвестордың игі ісі тек жергілікті ұл-қыздарға емес, осы орта білім ордасына жұмысқа тартылатын 50 азаматқа да пайдасын тигізбек. Кәсіпкер құрылысқа өз қалтасынан 600 миллион теңге бөлген.