Көкжөтел болдық!
14 сентября 2021
Көкжөтел болып, аллергиямыз асқынды. Маңғыстау облысындағы бүтін бір ауылдың шаңнан шырқы бұзылды. Бұған цемент зауытына техника таситын жеке базаның жүк көліктері себеп. Кәсіпкердің әрекетіне ашынған жұрт бизнес иесін ел алдына шығып, мәселені тез арада шешуді талап етті. Бірақ нысан иесімен тілдесу мүмкін болмады. Бұған шамданған ауылдағылар база қызметкерінің бірін айқайдың астына алып, қол көтеруге дейін барды. Сюжетте толығырақ!