6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Тілсіз жаудың құрбаны болған 3 балаға қатысты жаңа дерек

Атырауда тілсіз жаудың құрбаны болған 3 балаға қатысты тың деректер шықты. Балғындарды 6 сағат бойы жанұшыра іздеген жұрт төтенше жағдай қызметкерлеріне ренішін жеткізді. Ортақшыл ауылы тұрғындарының сөзінше, өрт сөнгеннен кейін құзырлы орган өкілдері балалардың күйген денесін бірден тапқан. Бірақ, жандарын шүберекке түйіп, айналаны шыр-пыр болып іздеген жақындарына бір ауыз сөз де ескертпеген. Тек ауыл тұрғындары өздері күдіктенген соң, қайғылы жайтты хабарлауға бекініпті.

X