Мамин елді мәз қылды
12 октября 2021
Үкіметте жобалар жауған күн. Министрлер бірінен соң бірі Асқар Маминге даму бағдарламаларын таныстырды. Ұлттық деп айдар таққан жобалардың барлығы да халықтың әл-ауқатын арттырады деп ант-су ішіп отыр министрлер. Әдетте ысқырығы жер жарған жобалардың арты сиырқұйымшақтанып кететіні бар еді ғой бізде?! Ол жағын уақыт көрсетер. Не дегенмен, Премьер-Министрдің көңіл күйі керемет секілді. Оның себебін әріптесім Айғаным Достанбай айтып берсін.