3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Бетімен кеткен бағалар

Ас-пұл аспандап, айлық шайлықтан аспай қала ма деген қорқыныш базардағы бағаларды көрген әрбір қазақстандықтың бойында бар. Балық секілді тек алға жүзуді білетін баға деген бетбақ күннен-күнге бой берер емес, көзіміз куә. Тұрақтандыру қорлары да, келісім-шарт корпорациясы да құн құтырғанда қауқарсыз болып қалатыны тағы бар. Арнайы брифинг өткізген ауыл шаруашылығы министрі жем-шөп пен азық-түлік жайлы сөз қозғап, алдағы уақытқа болжамын жасапты. Осы жиынға тілшіміз Гүлназия Жалғасқызы да қатысып, құзырлы ведомства басшысынан «қымбаттатуға әсте жатпайтын әлеуметтік нанның бағасы неге өсті, тарыққан ауыл халқы үшін №1 мәселе – жем-шөптің бағасын ауыздықтау неге мүмкін болмай жатыр» деген көптің жадындағы сауалға жауап алып қайтты.

X