Бұлақ үшін талас
25 октября 2021
«Жамбылдық атқамінерлер ауыл маңындағы жер телімдерін қойып, енді бұлақты да жекенің қолына беріп жібермекші». Редакциямызға осылай деп Айша бибі ауылының тұрғындары хабарласты. Наразы топ тарихы VI ғасырдан басталатын бұлақты базбіреулердің иемденіп алғысы келіп жатқанын айтады. Егер ол да жекенің меншігіне өтсе жыл он екі ай +16 градусты ұстап тұратын шипалы су шенеуніктерден басқасына бұйырмайды деп жамбылдықтар алаңдайды. «Әулиебастау» деп аталатын шипалы бұлақ маңайындағы мәселені тілшіміз тыңдап қайтқан болатын.