Мамин неге дайындалып жатыр?
26 октября 2021
Әлемде айтып келетін жалғыз ауру тағы да сәуегейлерді сөйлетіп жатыр. Күллі адамзатты абыржытқан ковид-кеселге келгенде басшылардың болжамы дайын тұрады. Бұл жолы да денсаулық сақтау министрі үш түрлі сценарий жазып, Үкіметке көрсетті. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегенді ұстанатын Цойдың пайымынша, жыл соңына қарай тәж-тажалға тәулігіне 2 мыңнан астам отандасымыз шалдығады екен. Мұны естіген премьер бірден министрлер мен әкімдерге тапсырманы үйіп-төкті. Биліктің алдағы қадамдары қандай болатынын Нұржан Сәдірбай да біліп көрді.