18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Даудың басы — талғардың тасы

Талғарда өзен аңғарын қазып, құрылысқа қажеттісін тасып әкетіп жатқан компания ел-жұрттың мазасын алуда. Өзенді жағалай қонған жұрт «жарға жығыламыз» деп жыларман. Өйткені әр жерден қазылған карьер су арнасын бұрып, енді су өзеннің екі бетіндегі үйлерге қарай жылжып келеді екен. Тұрғындардың айтуынша, табиғи ландшафт бүлініп, тарс-тұрс пен шаң-тозаң әбден ығырларын шығарған. Жергілікті тілшіміз өзен жағасындағы өзегі талған жұртпен жүздесіп, су қорғау аймағын қазуға құзырлы кімдер екенін біліп қайтты.

X