Таза судың тапшылығы
28 октября 2021
Дамса аулында үлкен дау бұрқ етті. Елорда іргесіндегі елді-мекен сан жыл бойы шүмектен аққан сап-сары суды ішеді. Шыдамы шегіне жеткен жұрт алаңға жиналып, әкімдік пен жауаптыларға талаптарын жайып салды. Сөйтсек, елді сарсаңға салған тек су мәселесі емес екен. Тілшіміз Мұхтар Өміртай Дамса ауылына барып, ағайынды дүрліктірген даудың ортасына түсті.