10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Өркениеттен қол үзгендер

Мемлекеттік бағдарлама жерге қаратты. Кеше ғана қуанышы қойнына сыймай қоныс тойын тойлаған бір қауым елдің зығырданы қайнап отыр. Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген үш бірдей көпқабатты үйге осы уақытқа дейін жарық пен су желілері тартылмаған. Қысқасы, ел «Шаңырақ» бағдарламасының арқасында шаттанып емес, шамданып өмір сүруде. Мердігердің құрғақ уәдесіне қарық болған жұрт қараңғы қапаста әлі қанша тұрмақ? Ипотека төлеп, сапасыз баспанада тұрып жатқандардың жайымен тілшіміз танысып-біліп қайтты.

X