Жалақысын сұрап, басы дауға қалғандар
2 ноября 2021
Балабақша тәрбиешілерінің базынасы! Түркістан облысы, Созақ ауданының бөбекжай қызметкерлері бір жылдан бері айлықтарын толық ала алмай жүр. Ал, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшылығы: «Ақша туралы ауыздарыңды ашсаңдар жұмыстан қуамын» деп қорқытатын көрінеді. Тіпті, біреуінің күйеуі: «Арыздансаң, ажырасамын» деп отбасында шу шығарған. Қызығы сол, бұл кісілердің мәселесінен аудандық әкімідіктегілер де хабардар екен. Бірақ, сөзі өтпей ме, тісі батпай ма, ешқандай шара қолданбай отыр. Жалақысын сұрап, басы дауға қалғандардың мәселесін тілшіміз де зерттеп, зерделеп қайтты.