Түркістан облысы Түлкібас ауданы экологиялық апаттың аз-ақ алдында тұр
4 ноября 2021
Себебі тұрғындар күнара тау-тастың арасындағы жарылыстан бұлақтар тартылып, шаң тозаңнан көз аша алмай отыр. Жығылғанға жұдырық болып, жақын маңға химиялық зауыт салынбақ. Алайда халықпен не зауыт басшылығы, не биліктегілер келіп бір ауыз сөйлеспеген. Түлкібас ауданының алты ауылының жүзге жуық тұрғыны химиялық зауыттың салынуына үзілді-кесілді қарсы. «Уланып өмір сүргіміз келмейді» дегендер өздерінің талаптарын төтесінен қойып, техникаларын жүргізбей тастады. Ашынған елдің талабын «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тыңдап қайтты, сюжеттен көрейік.







