0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Моншадағы қылмыс

Түркістан облысында көңілді сауықтың соңы қайғылы жағдаймен тынды. Сайрам ауданында моншаға келген жігіттерді кешен күзетшілері жабылып, аяусыз соққыға жыққан. Жаппай төбелестен басынан ауыр жарақат алған 27 жастағы жігіт қыршын кетті. Жабыла сабағандардан тек біреу ғана ұсталған, онда да сот оған үй қамаққа алу жөнінде шешім шығарған. Марқұмның туыстары іске бір ғана адам күдікті деп танылғанына наразы. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем дәрігеріне зардап шегушіні бермей қойған. Әйтпесе бақұл болған жігіттің көрер жарығы бар болар ма еді? Тісі батпай, жедел жәрдемнің де кері қайтуына түрткі бұл монша қай дөкейге тиесілі? Тілшіміз Қайыркен Отыншы келесі сюжетте істің мән-жайын толығырақ баяндайды.

X