Басы дауға қалған полицейлер
16 ноября 2021
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы полицейлерінің басы дауға қалды. Қарақшылық жасап, ұсталған күдіктінің туыстары «ұрланған ақша мен қымбат ұялы телефонды тәртіп сақшылары өздері иемденіп алды» деп отыр. Осылай деген олар құзырлы орган өкілдерінің өздерін жазалауды талап етіп, арыз түсірді. Шым-шытырық оқиғада кімді кім тонаған? Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті не дейді? Істің анық-қанығын тілшіміздің келесі материалынан біле аласыздар.