Бір отбасы биіктен секіріп, мерт болды
22 ноября 2021
Алматыда жұртты дүр сілкінткен, кісі шошырлық қайғылы оқиға орын алды. Алып шаһардағы үйлердің бірінің тоғызыншы қабатынан келіншек үш баласымен бірге секіріп кеткен. Нақтырақ айтқанда, жасы отызға да толмаған келіншек, ең алдымен балаларын терезеден өзі лақтырыпты. Иә, екі, бес және алты жастағы балаларды анасының өзі өлімге қиып, биіктен төменге тастаған. Мұны көргендер бастапқыда «әйел қоқыс лақтырып жатыр» деп ойлап қалған екен. Артынан, іле-шала өзі де секірген. Қанды оқиға орын алған үйге тілшіміз де барып, оқиға куәгерлерімен тілдесіп қайтты.