3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Баспанасына кірмей жатып, көңілі түскендер…

«Шымкенттік шенеуніктер шындықтан шет қалған!» Шырайлы қаланың тұрғындары шу шығарып, әкімдіктің есігін сындыра жаздады. Біразы мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болуы тиіс еді, алайда құрғақ уәдеге қарық болғанын айтады. Енді біразы өлейін деп жеткендегі өлең төсегін көріп, өксіп жүргендер. Ескере кететін жайт, жергілікті биліктің жұмысына көңілі толмай жиылған көпшілік — кәсіпкерлер де емес, базардағылар да емес, осы биліктің өзіне жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың қызметкерлері екен. Баспанасына кірмей жатып, көңілі түскендердің базынасымен жергілікті тілшіміз де танысып, мән-жайды біліп-қайтты.

X