Жылуы жоқ, суы жоқ, тұрғындар қайтып күн көрер?
25 ноября 2021
Көптен күткен қоныс той үлкен қуанышқа ұласпады. Ай сайын 150 мыңнан астам теңгені банктерге санап беріп, «Ырысты» деп аталатын тұрғын-үйден шаршы метрлеп, пәтер сатып алғандардың ырысы арта қоймады. Қара күзде Алматының «Алатау» ауданынан жаңа үй алғандар пәтерлерінде бүгін бүрсең қағып отыр. Мұнда әлі коммуникация тартылмаған, кәріз жүйесі жоқ, тіпті, еден астындағы жабындыны ашып қарасаңыз, құрылыс материалдарынан үнемделгені анық байқалады. Өз үйі бола тұра басқа жақтан пәтер жалдауға мәжбүр жұрттың базынасын біздің тілшіміз де тыңдап қайтты.