Диплом бермейтін университет
26 ноября 2021
Мамандық алуға бір адым қалғанда үміттері үрейге айналған студенттер аяқ-асты босып қалды. Алматыда лицензиясынан айырылған жоғарғы оқу орнының студенттері не істерін білмей дал. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті жұмысын тоқтатқаны туралы сот шешімінен де шәкірттер мақұрым көрінеді. Әсіресе, биыл диплом алатындар аса абыржулы. Өйткені оларды басқа ешбір ЖОО қабылдамайды екен. Болашаққа баспалдақ болатын сол бір құжатты ұзақ күтіп, аяқ-астынан тұман мен күмәнға тап болған жастармен тілшіміз кездесіп қайтты.