Талғарда балабақшада бүлдіршін көз жұмды
29 ноября 2021
Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бүлдіршін көз жұмды. Қайғылы оқиға Талғардың мектепке дейінгі білім беретін жекеменшік мекемесінде орын алған. Сот-медициналық сараптама баланың өңешіне домалақ зат кептеліп қалғанын анықтады. Алайда мекеме қызметкерлері мұны білмеген. Тіпті, мұндай майда ойыншықтың балабақшаға қайдан келгенін ата-аналар да, мекеме жұмысшылары да білмей дал. 100 балаға шақталған мекеменің жұмысы қазір уақытша тоқтатылған. Оқыс жайттың жайын тілшіміз келесі материалда кеңінен тарқатады.