Бас қаладағы «қарлы апокалипсис»

Елордада өткен аптада екі тәулік бойына жауған ақ ұлпа коммуналдық мекемелерді әбден абыр-сабыр қылды. Арнайы техника, әп сәтте басып қалатын қарды тазартып үлгере алмай жатыр. Бірақ, әкімдік биылғы қысқа тас түйін дайын екендерін, жұмысшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін мәлімдейді. Бірақ, қар шығаруға жауапты жергілікті атқамінерлердің жұмысына тұрғындардың көңілі толар емес. Мәселенің мән-жайына тілшіміз келесі сюжетте тереңірек үңіліп көрді.

X