«Омикрон» деген жаңа штамм шықты

Қатты шаршау, дене қызуы мен жүрек соғысының жиілеуі. Бұл «Омикрон» деп аталатын коронавирустың жаңа штамының белгілері. 32 мутациядан тұратын вирустың бұл түрінен күллі Еуропа сескеніп жатыр. Германия бастап, Ұлыбритания қостаған бірқатар ел қазір шекараларын жауып үлгерген. Жапония да жанталасып бағып жатыр. Ал бізде ше, Алексей Цой сценарий жазудан қолы босамай жатса керек, вирустың жаңа нұсқасы туралы, әзірге жақ ашқан жоқ. Әуе қатынастарына да ешқандай шектеу қойылмаған. Неге? Бұл сауалға тілшіміз келесі материалда өзінше жауап іздеуге тырысып көрді.

X