3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Дағдарыс орталықтары неге жетіспейді?

Жұдырық көп, жылу аз, таяқ артық, құшақ кем. Елімізде зорлық-зомбылық көрген ана мен баланы қолдайтын дағдарыс орталықтары тапшы. Бүгіндері елімізде зәбір көргендерді панасына алатын 30-ға жетер-жетпес мекеме бар екен. Оның өзі қаржыландыру тоқтағасын біртіндеп шетінен жабылып жатыр. Керісінше, еркектігін езгімен дәлелдейтін есерлер саны еселеніп барады. Ең сорақысы, қорлықтан қашып құтылған нәзік жандардың жартысына жуығы не барар жері, не басар тауы болмағандықтан отағасының ойранына қайта оралады екен. Тілшіміз келесі сюжетте аталған өзекті мәселені жан-жақты зерттеп көрді.

X