Көпбалалы ананы мешітке сілтеген әкімдік
6 декабря 2021
Құдайға қаратқан Қарасай ауданы. Иә, көмек сұрап келген көпбалалы ананы Алматының Қарасай аудандық әкімдігі: «Мешіттен жәрдем тіле» деп шығарып салыпты. Әлеуметтік көмекке күні қарап отырған алты баланың анасы ай сайынғы төлем кешіккен соң жалдамалы пәтердің ақысын төлей алмаған. Ал, үй иесі ақшаны адамдықтан артық көрсе керек, шұбырған бала-шағасына қарамастан қыстың көзі қырауда оларды далаға қуып шыққан көрінеді. Мейлі, ол пендешілік болар, ал қолдау сұрап келгендерді құлшылық үйіне қарата қайырған қай басшы? Мәселенің толық мән-жайын тілшіміз келесі материалда тарқатады.