14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Пештен шығатын проблема өзекті

Төтенше жағдайлар министрлігі келтірген мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері 300 адам өрттің құрбаны болған. Құтқарушылардың елдегі 2 миллионнан аса жеке үйді бақылауда ұстап отырғанына қарамастан газдан улану статистикасы да алаңдатарлық деңгейде. Елімізде ыстан уланып, жыл сайын 40-тан астам адам қаза табады. Оның кем дегенде бес-оны – бала. Сондықтан қауіпсіздік мәселесін төтеншеліктер ғана емес, тұрғындардың қаперге алғаны маңызды. Рейдке қатысып, пешке от жағып отырғандармен жүздескен тілшіміз келесі сюжетте тілсіз жаудың алдын алу шараларына кеңінен тоқталады.

X