9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Бүтін бір ауылдың үрейін алған қаңғыбас иттер

Тыныш отырған қарашаға қауіп төндірген жеті қазынаның бірі. Қазақ қораға түскен түз тағысын атымен атауға тыйым салып, ит-құс деп жатушы еді. Ақтөбенің бүтін бір ауылы сол ит-құстан емес, кәдімгі иттен қорқып, үрей құшағында отыр. Бала түгілі, ересек адамның өзі көшеде сақ жүреді. Кезінде адамды қауып, далаға ұлыған жануардың көзін құртушы едік, қазір заң басқа, есесіне иесіз иттер көшелерде маң басқан. Қоқыс аралап, ауылға түрлі ауру тасып, жұртты шошытқан хайуандарға әкімдіктегілердің де шамасы келмепті. Қаңғыбас иттерден мезі болған ауылдықтардың мәселесі тілшіміздің келесі материалында.

X