9:15 Тікелей эфир «ВОСКРЕСНЫЕ БЕСЕДЫ»
9:25 Эфирде әрі қарай «ПРОУЮТ»

Алматыда сірескен кептеліске түрткі төтенше жағдай

Алматыда бүгін жолдағы қозғалыс кілт тыйылып, жұрт жұмысқа уақытында бара алмай қалды. Көшедегі көліктер тұрған орнынан тапжылмай, қалалықтар көшенің қақ ортасында қаққан қазықтай қадалып қалды. Себебі жылу құбыры жарылды. Таңғы тоғыздар шамасында Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында жылу құбыры қарс айрылып, аспанға ыстық су атқылады. Адамдар өміріне қауіп төнгендіктен, жолдар жабылды. Коммуналдық мекеме өкілдері тек 12 сағат дегенде әупірімдеп жүріп, ақауды қалпына келтірді. Күйіп қалғандар жоқ па екен? Алып қаладағы сірескен кептеліске түрткі төтенше жағдайдың мән-жайын тілшіміздің келесі сюжетінен біле аласыздар.

X