8:20 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
9:15 Эфирде әрі қарай «ВОСКРЕСНЫЕ БЕСЕДЫ»

Депутаттар зейнетақы мәселесін қайта қарауды ұсынды

Зейнетіме деп жиғанын ертерек пайдалануға мүмкіндік болса, елдің асығатыны сөзсіз, өйткені келесі жылы жеткілікті шектің өсетіні белгілі. Алайда бұл арада түсініксіз, дүдамал тұс көп. Ал осы ретте журналистер қойған сұрақтарға мемлекеттік органдардың берген ресми жауаптары бір-біріне ұқсамай шығып жатыр. Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры мен Еңбек министрлігі екі түрлі мағлұмат таратып, жұртты шатастырды. Мәселен, «2022 жылы қанша қазақстандық қарттығына жиғанын ертерек керегіне жұмсай алады» деген сауалға бірі «180 мың» десе, екіншісі «580 мың» деп жауап берді. Өзгеріске қатысты халықтың ойы белгілі. Ал депутаттар мен экономистер не дейді? Мұның жайын тілшіміз келесі материалда толығырақ баяндайды.

X