Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе?
13 декабря 2021
Мәжілісмендер осындай мәселе көтерді, төтенше жағдай министрі қауіп бар екенін мойындады. Біз қара аспанды төндіргіміз жоқ, бірақ ауруын жасырған өледінің күйін кешпесек игі еді. Өйткені бұл ретте нақты мәлімет беруі тиіс отандық сейсмологтар үнемі өз басындағы мәселені көтеріп келеді: стансалары ескі, қондырғылары көптен жаңартылмаған. Гранттар есебінен күн көріп келе жатқан Алматыдағы білдей мекеменің жай-күйінен тілшіміздің келесі материалынан таныса аласыздар.







