Қанша оқу орны жабылды?
15 декабря 2021
Асхат Аймағамбетов білім саласы басшылығына келгелі 15 университеттің есігіне қара құлып салыныпты. Оған қоса, 28 колледж диплом беру құқығынан айырылған. Министрлік бұған «саны бар, бірақ сапасы сын көтермейді» деген уәж айтып отыр. Студенттерге сабақ уақытылы өткізілмейді, тестілеу нәтижелері де төмен көрінеді. «Екі өгіз сүйкенсе, ортасында қара шыбын өледі» демекші, жоғарғы оқу орындары мен Білім министрлігі арасындағы күрестен студенттер зардап шегіп қалып жатқан жоқ па? Мұның жайын тілшіміз келесі материалда сабақтайды.