9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Қисынсыз әрі ерсі ырымдар

Қазақта сәлем салудың сан түрі бар. Бірақ келіннің мойынына қыл арқан байлап, жетектеуді өз басым алғаш көруім. Осы сарындағы видео жуырда әлеуметтік желіде тарады. Ол ол ма, жас жұбайларды қаны сорғалаған шикі етпен аластау деген шығыпты, бесіктің үстіне мініп алып, атша шапқан әжелерді де көз көрді. Не керек, соңғы уақытта қисынсыз һәм ерсілеу ырымдар көбейді. Тілшіміз келесі сюжетте этнографтарды осы мәселеге қатысты сөзге тартып, желіні шулатқан салт-жоралғылардың бірнешеуін жіліктеп талдайды.

X