3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Далада емес, қалада 20 жыл жылусыз отырғандар зары

Елімізде 20 жыл бойы жылусыз отырған тұрғындар бар. Айтсам, сенбейтін боларсыздар, бірақ, олар айдаладағы бір ауылда емес, үлкен қалада тұрады. Дәл іргесінде жылу орталығы болғанымен, семейліктер әлі күнге дейін көмір сатып алып жүр. Семейдің Кожзавод көшесінде пеш жағып отырған көп қабатты тұрғын үйлер көп. Әсіресе, жоғары қабатқа шелектеп көмір тасып, сыртқа бұрқыратып күл шығару жалғызбасты қарияларға аса қиын болып тұр. Қалада отырса да өркениеттің игілігінен тысқары қалып кеткен жандардың жан зары тілшіміздің келесі материалында кеңінен тарқатылады.

X