«Қазақстан халқына» қорына 12 млрд теңге жиналды
17 января 2022
«Қазақстан халқына» қорына жиналған қаражат 12 миллиард теңгеден асты. Барымен бөліскен жомарт жандардың дені — бір айлыққа қарап отырған мемлекеттік қызметкерлер. Ал, Президент әуелде қорды құрғанда елдегі бай адамдарды дәулетімен бөлісуге шақырған-тын. Бірақ қаражат аударып жатқандардың арасынан ат төбеліндей ғана бизнесмендерді байқадық. Басқалары неге үнсіз жатыр? Форбестің көшін бермейтіндер шетінен шық бермес Шығайбай болғаны ма сонда?! Айғаным Достанбайдың сюжетінде.