10:10 Тікелей эфир «МОДНЫЙ ПРИГОВОР»
11:00 Эфирде әрі қарай «ДАВАЙ ПОЖЕНИМСЯ!»

Көлікті техникалық байқаудан өткізу міндеті жойыла ма?

Көлікті техникалық байқаудан өткізу міндеті жойылуы керек. Бұндай бастаманы депутат Айқын Қоңыров көтеріп отыр. Мәжілісменнің сөзінше, бұл тәртіп жекенің қолына берілгенімен, байқау әлі де формальды түрде өтіп, онда жемқорлық белгілері мүлдем жойылмай келеді. Былтырдың өзінде республика бойынша 28 жалған фирма ашылып, 260 мың диагностикалық карта қолдан жасалған. Кейін бұл заңсыз қызметтің басы-қасында Көлік комитетінің лауазымды тұлғалары жетекшілік еткені анықталған. Осылайша, шенеуніктер және олардың сыбайластары техникалық байқаудан 1 миллиард теңге көлемінде заңсыз табыс тапқан. Ал фирмалар орналасқан жерде қажетті техникалық құрал-жабдықтар да болмаған екен.

X