«Қазақстан халқына» қорынан қолдауды қалай аламыз?
20 января 2022
Қазірдің өзінде 16 миллиард теңге жиналған «Қазақстан халқына» қорынан кімдерге және қалай көмек көрсетілетіні белгілі болды. Штатында бар — жоғы 25 адам жұмыс істейтін қордың басшысы қайырымдылық бағытындағы жұмыстың қалай жүргізілетінін тәптіштеп түсіндіріп берді. Белгілісі, қоғамдық ұйымдар көмекке мұқтаждардың атын атап, түсін түстеп қорға құжат жинап береді екен. Ал қолдауға зәру жандар өтінішті портал арқылы беруіне болады. Тілшіміз Мұхтар Өміртай қор турасында тарқатып береді.