Нұрлан Нығматулин кетті. Бөрігін аспанға атып қуанған кімдер?
1 февраля 2022
Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің төрағалығынан кетті. 10 жыл бойы Төменгі палатаны басқарған Нұрлан Зайроллаұлын депутаттар қимастықпен шығарып салды. Десе де, кейбір шенеуніктер қуаныштан бөркін аспанға атты деп ойлаймын өз басым. Себебі, экс-төраға Мәжіліс мінберінде талай министрді түрлі мәселелер бойынша, соның ішінде мемлекеттік тілді білмегені үшін сынның астына алып, масқаралағаны бар. Ал бүгінен бастап Мәжілісті Ерлан Қошанов басқарады. Президент әкімшілігіне жетекшілік еткен депутат төсбелгісін кеудесіне тағып, жаңа қызметіне кірісіп кетті. Айғаным Достанбайдың сюжетін көрелік.