Қазақ жұрты әдебиет классигі, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасты
7 февраля 2022
Бүгін Қазақ жұрты әдебиет классигі, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасты. Бар ғұмырын қазақ әдебиеті мен руханиятына арнаған тұлғаны қалың оқырман қимастықпен ақтық сапарға шығарып салды. Оқырманға «Қан мен тер», «Соңғы парыз», «Күткен күн» шығармалары секілді өшпес мол мұра қалдырған қаламгер биыл 98-ге толар еді.







