Ойынқұмар әйелдердің саны артты
10 февраля 2022
Еркек – түзде, бала – үйде, әйел – букмекер кеңседе. Иә, соңғы уақытта елде жеңіл ақшаның жетегіне ерген еркектер емес, ойынқұмар әйелдер көбейіп барады. Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Қит етсе қалтадағы бар ақшасын букмекер кеңсесіне тігіп, бәске бар жиғанын жұмсайтындар жайы бүгін Сенатта да айтылды. Маржан Нүсіпбектің материалын көрейік.