6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Қаңтар қасіреті құрбандарының есімі жазылған сайт іске қосылды

Қаңтар қасіретінің құрбандары мен жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталғандардың есімі жазылған сайт іске қосылды. Qantar2022.org деп аталатын порталда қазірдің өзінде жүзге жуық отандасымыздың есімі жарияланған. Іздеу батырмасына басып, керек адамдың атын я тегін терсеңіз, оған қатысты барлық мәліметтер экранға шығады. Дәлірек, ұсталғаны, іс-түссіз жоғалғаны немесе қаза тапқаны жайлы деректі көруге мүмкіндік бар. Сайтты құрастырушылардың сөзінше, жақынын іздеп жатқан барлық қазақстандықтар бұл қосымшамен қолдана алады. Ерікті түрде ашылған сайтта, тек мемлекеттік органдар растап, тергеу барысында анықтаған тұлғалардың есімдері ғана жарияланады

X