«Шаңырақ» бағдарламасының шарапаты: тұрғындар бір бөлмеде бүрісіп отыр
15 февраля 2022
Шымкенттік шенеуніктерге сенбейтін тұрғындар, президент әкімшілігінен көмек сұрайды. Яғни, «Шаңырақ» бағдарламасымен үйлі болған жұрт, әлі күнге дейін шаңырақтарында жылулықты сезбей келеді. Себебі, пәтер құрылысының сапасы сын көтермейді. Қақаған қыста бүрсең қағып, бір бөлмеде тығылып отыруға мәжбүр екен. Ал, жағдайларын айтып атқа мінерлерге шағымданғанымен мәселенің шешілетін түрі жоқ деп ашынып отыр.